Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Басқалар жеңгенше қазағым жеңсін!». Желіде қырғыздар өз балуанын жеңген Демеуді қолдады

14:46, 07 тамыз 2024 1460

Париж олимпиадасында грек-рим күресі бойынша Демеу Жадыраев cынға түсіп,  қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жеңді. 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Қазақстан палуанының жеңісіне отандастарының қапаланбай, керсінше қуанып жатқаны жайлы дерек тарады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Грек-рим күресінде 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан майталман балуан Демеу Жадыраев жеңіске жақындап келеді. Спортшыға кәсіби сында өте қиын жеребе түссе де, тегеурінді мінез танытып, сенімді түрде финалға аяқ басты.

Желіде Қырғыз азаматтары өз палуанын жеңген Демеуге қолдау білдіріп жатыр.

– Ұтылса, қазақ туғанына ұтылды. Ағасына ұтылды. Бұл - спорт.  Қазаққа алтын медаль бұйырсын! Ақжол алда жеңістерге жетеді, – деп жазды бір қырғыз жанкүйері.

– Басқалар жеңгенше қазағым жеңсін!

– Жеңіс құтты болсын туғандар. Шын жүректен құттықтаймыз! Біз бір елміз! - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, финал жету жолында спортшы Хаир Алексис Куэроны, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) және жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановты (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6:1 есебімен жеңді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар