Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстанда сыралатқан "Үздік ауыл әкімі" мас күйінде ұсталып, айыппұл арқалады

12:25, 26 маусым 2024 366

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі мас күйінде қоғамдық орында жүрген, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеп. 

Мерей ауылдық округі әкімі Орынбек Насимуллин қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін айыппұл арқалаған.

Насимуллинге қатысты мән-жайлар анықталғаннан кейін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша әкімшілік хаттамаға сай бес АЕК (18 460 теңге) айыппұл арқалаған.

«Біз сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сұрау жіберіп, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі үйде сыра ішкенін айтты. Көшеде шу естіліп, ол қарауға шығыпты», - деді Бауыржан Ахметжан.

Айта кетейік, Орынбек Насимуллин 2022 жылы «Үздік ауыл әкімі» атанған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар