"Ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Сондықтан біз қиын, бірақ қажетті қадам жасауымыз керек:
АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін жеткізілмек (өңірге байланысты), өсім - 11 пайыз. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайды, орташа есеппен өсім - 20 пайыз. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады", - деді Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз.
Бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге "ағын" жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер нәтиже бермейтіні анық.
Жанармай бағасындағы диспропорция көлеңкелі нарықты нығайтып, ұлттық экономикаға, мүддеге кері әсерін тигізеді.
Жанармай бойынша төмен бағаны сақтау мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.