Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бес қабырғасы сынған 13 жастағы баланы қағып кеткен күдікті өзін экс-прокурормын деп қорқытқан

09:20, 25 маусым 2024 729

Түркістан облысында жол апатынан жарақат алған жасөспірімнің туыстары әділдік іздейді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Велосипед тізгіндеген 13 жастағы Саят Серікұлын бір ай бұрын көлік қағып кеткен. Жол апатынан жеткіншектің бес қабырғасы сынып, қазір ол қозғала алмайды. Онымен қоймай баланы қағып кеткен жүргізуші өзін экс-прокурормын деп таныстырған екен. Сондықтан жәбірленуші тарап іс қысқартылып, кінәлі адам жазасыз қала ма деп қорқады.

“Ол кісі “Мен прокурор болып жұмыс істегенмін, ешнәрседен қорықпаймын. Менің адамдарым көп” деді. Мен осы іс қысқарып кете ме деп қорқамын. Тергеушілер балаға “велосипедімнің тежегіші ұстамай, келе жатқан машинаға соғыстық” деп жаздырған. Шынында ондай емес. Өйткені онв былтыр ғана алғанбыз, жаңа”, – деді Саят Серікұлының анасы Жібек Базарова.

Көпбалалы ананың айтуынша, көліктің иесі балаңды қараусыз қалдырдың деп анасын кінәлаған. Тіпті Саяттың ата-анасынан шығынды өтеп беруді сұрапты.

Көлік жүргізуші прокуратурада жұмыс істейтіні туралы ақпаратты жалған дейді. Ал велосипед тізгіндеген жеткіншектің туыстарынан өтемақы сұрағанын растайды.

“Мен оны барып қаққан жоқпын. Керісінше олар маған келіп соғысты. Маған 148 мың теңге айыппұл тағайындап, 610-баптың бір тармақтарын айтты. Мен онымен келіспеймін деп прокуратураға арыз жаздым”, – деді түркістандық Нұрлыбек. 

Полиция "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тергеу әлі аяқталмағанын жеткізді. Алайда денсаулығына зақым келген баланың анасы бір айдан бері сот сараптамасы шықпағанын айтады. Сондықтан Жібек Базарова прокуратураға арызданбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар