Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бетті ашпа, тұсау кеспе: Нұрлан имам қара жамылғандармен күресу керегін айтты (ВИДЕО)

09:41, 24 шілде 2024 1747

Әлеуметтік желілерде өте танымал Нұрлан имам "көзін тұмшалап, қара жамылатындарға" қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Нұрлан имамның айтуынша, қара жамылу біздің дінімізде де, салтымызда да жоқ екен. Сондықтан ел болып, зиялы қауым болып осы үрдіспен күресуді айтты.

"Қара жамылу біздің өткенімізге де, кешелегімізге де, болашағымызға да сыймаған дүние. Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейді. Отбасына дұрыс тәрбие беріп, қолынан келгенше қызметте болып, Отанына адал болу нағыз құдайға берілгендікті білдіреді",- деді ол. 



Қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Нұрлан имамның осы айтқандарына қолдау білдіріп, мүфтиятқа дұрыс ойлы имамдардың керек-ақ екенін айтты.

Соңғы кезде қазақ ұлтының ежелден келе жатқан анау дәстүрі харам, мынау заты сәйкес келмейді, мына киім дұрыс емес деп араңдататын “уағыз” айтатындар көбейді. 

“Домбыра тартпа, сәлем салма, бетті ашпа, тұсау кеспе” - деп халықты ашуын туғызатын насихатшылар пайда болды.

​Қазақ ислам ді­­нінің «Әбу Ханифа» мазһабын, яғни Ха­нафи бағытының байырғы түркілік салт-дәс­түрдің ислам дініне қайшы келмейтін тұс­тарын сақтап қабылдаған.

Мысалы қазақ даласында адам қайтыс болғаннан кейін дүние-мүл­кімен, мінген атымен жерлеу дәстүрі болғанын археологиялық қазбалардан көреміз.
Олар исламға қайшы келетін болғасын осы жерде тұрғандар сол баяғы кездерде ол дәстүрден бас тартқан.

Демек, қазақтың осы кез­ге дейін орныққан салт-дәстүрлерінің бә­рі дінмен үйлескен , сәйкес келтірілген ұлттық құндылық.
Оларды казір ревизия жасап, жоққа шығарудың қажеті жоқ.

Бізге Ханафи мәзһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен ұтымды ұштастыра білгені үшін аса маңызды,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар