Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Білікті маман

12:44, 10 сәуір 2023 384
Ердос Дүйсенгалиевич Жекенов 1979 жылы 24 мамырда Алматы облысы, Көксу ауданы, Қоянгөз(бұрынғы атауы Амангелді)ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әділет подполковнигі Ердос Дүйсенгалиевич Жекенов мырзаның құқық қорғау саласында қызмет етіп жүргеніне 20 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында қылмыстық-атқару жүйесінің өркендеуіне зор үлесін қосқан еңбегі үшін, бірқатар алғыс хатпен, грамоталармен марапатталды,сонымен қатар «Қазақстан полициясына 30 жыл» төс белгісіне ие болды.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ ДепартаментіРММ «№13 мекеме» мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Ердос Дүйсенгалиевич Жекеновтың қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбегі зор.

Ердос Дүйсенгалиевич Жекенов ұжымға сыйлы, беделді азаматтардың бірі, мекемедегі жас буынға еңбек үйрететін үлгілі тәлімгер. Адал еңбек етіп, ұжымның абыройына бөленген тек білікті қызметкер ғана емес, отбасында сүйікті жар, үш ұлына тәлімді тәрбие беріп отырған үлгілі шаңырақ иесі.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ердос Дүйсенгалиевич Жекенов Сіз қызмет атқарған жылдары іскерлігіңізбен, жауапкершілігіңізбен, адалдығыңызбен және ұқыптылығыңызбен көзге түстіңіз. Сізді мекеме ұжымының атынан шын жүректен отбасыңызға бақыт, деніңізге саулық, береке-бірлік тілейміз. Әрқашанда осы азаматтық мінезіңізден таймаңыз! Еңбек жолында толағай табыстарға жетіп, Тәуелсіз еліміздің көркеюіне мол үлесін қосатыныңызға сенім білдіреміз.

Елбасымыздың «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деп айтқанындай, ынтымағы мен бірлігі жарасқан мекеменің әлі де атқарар істері алда. Жаңа жоспар, жаңа қадаммен алға жылжыған еңбекті қадағалап отырған мекеме басшысы, әділет подполковнигі Ердос Дүйсенгалиевич Жекенов жіті қадағалауының арқасында еңбегіміз адал, жемісіміз көп болары сөзсіз.

«Тәртіп бар жерде – тазалық бар» демекші тәртібі мен тапсырмасы қатал мекеменің аға буындарының сара жолымен келе жатқан бақылаушылардың еңбегі ерен болып, сеніммен толық алға ұмтылуда. Заң талабын орындау – бәрімізге міндет.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің режим тобының аға жедел уәкілі әділет капитаны Д.Ж.Садуахасов

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар