Алматыда 100-ге жуық қазақстандық әншіні алдап кеткен композитор ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ақпарат порталы. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.
Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам, ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
"Азаматтардың арызынан 30 жастағы Ы.есімді ер адам өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жібергені белгілі болды. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.