Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір орынға 5 мың қытаймен таластым - Олжас Сүлеймен

12:53, 07 мамыр 2024 648

Пікір иесі ақын, Назарбаевтың замандасы Сүлейменов емес, жас кәсіпкер Олжас Сүлеймен. Ол Unknownkazak talks-қа сұхбат берді. 

Шанхайда оқып жүрген кезімде мен “мыналар не жеп пысық болады өзі?” деп таңғалатынмын. Сол кезде “біз де соны үйренейікші” деген едім. Сөйтсем, олар білімді жеп пысық болады екен. Неге? Өйткені шетелде көрген бір мысалым, екі түрлі пробка көрдім. Біреуі – көліктердің кептелісі, екіншісі таңғы алты жарымда қаншама студенттер кітапхананың алдында тұратын 3 километрлік кезек. “Мен не деген қалып бара жатқан адаммын” деп ойладым, - деді ол.

Олжас Сүлеймен “бай мен кедейдің баласын білім теңестіреді” деген сөз рас екеніне көз жеткізгенін айтты. Ол Қытайдың Шанхай қаласында бір жұмыс орнына бәсекелестік өте жоғары екенін де атап өтті.

Шанхайда Жапонияның құрылыс компаниясында жұмыс істедім. Бәсекелестіктің жоғарылығының жай бір мысалы жұмысқа орналасу үшін 17 кезеңнен тұратын сұхбаттасудан өттім. Бір орынға 5 мыңнан аса адам таласты. Ол Қытай үшін үйреншікті, таңғалмаңыздар, - деді кәсіпкер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар