Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізде жауап жоқ". Энергетика министрлігі мұнайшылардың ереуіліне жауап бере алмады

18:29, 14 мамыр 2024 527

Энергетика министрлігі Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуіліне қатысты сауалға жауап бере алмады, деп хабарлайды alash.kz сайты ҚазТаг-қа сілтеп.

Энергетика министрлігі ҚазТаг редакциясының "Кезби" мекеме қызметкерлерінің ереуіліне қатысты сауалына «Бізде жауап жоқ» деп жауап берді.

Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов сауалына жауап алғысы келген журналисті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне "сілтемек" болған. Алайда БАҚ өкілі мұнай саласына жауапты орган ретінде Энергетика министрлігіне жүгінген. Алайда министрліктің баспасөз қызметінен "Бізде жауап жоқ" деген кері байланыс алған.

Айта кетейік, бірер ай бұрын әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі «Кезби» ЖШС жұмысшылары компания мен «ҚазМұнайГаз» басшылығынан ескірген және өмірге қауіп төндіретін жабдықтарды ауыстыруды талап етіп наразылыққа шыққаны туралы хабар тараған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар