Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым": Сметовты кімдер діни "пиарына" пайдаланып отыр?

10:25, 29 шілде 2024 2655
"Ердос кеше "Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен" деді. Үндемедік. Себебі ол - чемпион. Ал біздің санамыз атақты мен билігі бар адамды сынай алмайды.
Асланбек жеңіліп қалғанда "Аллаһтың қалауы солай болды" деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім" деп жазды өзінің парақшасын Ербол Жанатұлы. 
Париж Олимпиадасы басталғалы бері Alash.KZ сайты спортшыларға қатысты ақпараттарды жан жақты беріп отыр. 
Ербол Жанатұлы өз жазбасында спортшыларға алаңдаушылық білдіріпті: 
"Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды. Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы - халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз" депті.
АВтор одан ары ойын сабақтай келе былай дейді: 
 
Бұл — жас спортшыларға жасырын месседж. "Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара. Ал, спортшы - көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы - көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған. Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам! Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы - мемлекет! Жағдай осындай.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар