Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогердің былығы

05:51, 14 сәуір 2022 327
 



Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаевқа қатысты тергеу шаралары аяқталып қалды.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда үшеуі де жауапқа тартылған.
«Өкінішке қарай, біреуі шетелге қашып кетті. Қазір оның жүрген жерін анықтау шаралары қолға алынды. Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық. Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды» деді Әділов брифингте.

Еске салсақ, вайнерлер 2021 жылы Mudarabah Capital компаниясын жарнамалаған. Артынша компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Ал Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Азимжан Саидбаев құрылтайшылары деп танылды. Қазіргі таңда Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін босатылған.

Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Алайда ол шетелге қашып кеткен. Бүгінгі таңда халықаралық іздеу жарияланды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар