Болат Назарбаев бес жыл ішінде 59 жер телімін заңсыз алған. Бұл туралы Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Біз өткендегі "ығай мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек. Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл кісінің фамилиясына берілген құжаттар менің қолымда. Аталған жер телімдерінің бағасы нарықта жүздеген млн доллар тұрады.
Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады. Ал цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 миллионнан астам азаматтар 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр.
Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.
Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады. Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін! "Жер-Аманат" комиссиясымен бірге істеу қажет”, – деді Саиров.