Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Болмаған төтенше жағдайға миллион қаржы бөлінген

15:11, 29 ақпан 2024 297

Ақмола облысында болмаған ТЖ салдарын жою үшін миллиондаған қаржы бөлген атқарушы орган анықталды. 

Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган 3 млн. теңгеден астам сомаға қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағаны анықталды. Конкурс өткізбеу себебі ретінде, төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен, делінген хабарламада.  

Алайда, прокурорлар анықтағандай, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдайлар жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізсіз жасасқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар