Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы вице-министр Қожағапановқа қандай айып тағылды?

13:48, 06 наурыз 2024 307

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов бұрынғы мәдениет және спорт министріне қатысты іс туралы айтты.

Тілеукеновтың сөзінше, вице-министр Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Ресей арасындағы форумға кететін шығынды жоғарылатты деген күдікке ілінген. 

«Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол (Қожағапанов) 2018 жылы Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумын» ұйымдастыру туралы келісім жасасуға қолдау көрсетті. Бұл ретте форумды өткізуге арналған сметалық баға  екі есеге ұлғайтылған, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты», - деді Тілеукенов сәрсенбі күні өткен брифингте.

Айта кетейік, Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, ҚР Премьер Премьер -Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар