Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев не үшін өмір бойына сотталмады? Прокурор не дейді?

19:06, 13 мамыр 2024 731

Прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа неге 24 жыл берілгенін және экс-министр не үшін өмір бойына сотталмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды alash.kz сайты. 

"Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соны сұрадық. Бишімбаев жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Себебі ол бұрын да сотталған. Ал Байжановқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", - дейді прокурор.  

Сонымен қатар, прокурор Бишімбаев неліктен өмір бойына сотталмағанын түсіндірді дейді Дала Невс. 

"Республика бойынша кейінгі бес жылда мұндай істерде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған", - дейді прокурор Саяхат Нұрбеков. 

Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар