Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев соты: КТК журналистері жазаланды

19:29, 21 сәуір 2024 627

Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған "КТК" арнасы журналистерінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралыпты.

Сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда КТК арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті. 

Салдарынан қазақстандықтар алқабилерді көрді. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады.

Кейін КТК қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы (сотты құрметтемеу) бойынша хаттама толтырылып, үш адам - корреспондент Анна АБРАМОВА, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.

Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. 

Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.

Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар