Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

COVID-19: елімізде қазір 19 мыңға жуық адам емделіп жатыр

04:58, 25 шілде 2022 267
Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 мың 54 жағдайы тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 806,

  • Алматыда – 532,

  • Шымкентте – 46,

  • Ақмола облысында – 68,

  • Ақтөбе облысында – 8,

  • Алматы облысында – 83,

  • Жетісу облысында – 84,

  • Атырау облысында – 61,

  • Шығыс Қазақстан облысында – 6,

  • Абай облысында – 26,

  • Жамбыл облысында – 76,

  • Батыс Қазақстан облысында – 20,

  • Қарағанды облысында – 130,

  • Қостанай облысында – 11,

  • Қызылорда облысында – 36,

  • Маңғыстау облысында – 14,

  • Павлодар облысында – 28,

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8,

  • Түркістан облысында – 11.


Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 333 547 жетті.

1 мың 83 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 341,

  • Алматы қаласында – 490,

  • Алматы облысында – 50,

  • Жетісу облысында – 3,

  • Атырау облысында – 15,

  • Шығыс Қазақстан облысында – 26,

  • Абай облысында – 11,

  • Жамбыл облысында – 25,

  • Қарағанды облысында – 59,

  • Қызылорда облысында – 63.


Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;

  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;

  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.


Айта кетейік кеше 2 649 адам коронавирус жұқтырған еді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар