Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәретханадағы даулы видеодан кейін полицей жұмысынан босатылды

10:16, 23 ақпан 2024 974
Алматы облысында әжетханадағы даулы видеодан кейін полицей қызметінен айырылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, видеоролик әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған.
«Аталған факт бойынша Алматы облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер жұмыстан босатылды, ал басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін даулы видео интернетте тараған. Видеода ер адамның камерасын қосып, дәретханаға кіріп келген сәтте ішінде ер адам мен полиция қызметкері бар екені анық көрініп тұр.

Видео авторы тәртіп сақшысынан қолында не бар екенін көрсетуді сұрап, видеоның үшінші кейіпкерінен неліктен ыдысқа зәр шығаруға мәжбүрлегенін сұраған. Сол кезде полицей мұны жоққа шығарып, дәретханаға табиғи қажеттілік үшін келгенін айтқан.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қызметтік тергеу басталғанын түсіндірген. Кадрларда нақты не болғаны туралы сұраққа жауап ретінде департамент бұл мәселені «зерттеп жатырмыз» деді.

Фото: Polisia.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар