Депутат сауалына ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов жауап берді.
«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы мен оның үш орынбасары, тағы екі басшының үстінен мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет жасау және аса ірі көлемде пара алу баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Мәсімов пен үш депутат қамауға алынды. Сот органдары өз бағасын береді деп ойлаймын. Қылмыстық кодексте 17 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Тергеу әлі жалғасып жатыр» деді Берік Асылов.