Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Депутаттарға қатысты стереотипті бұзу керек". Мұқаев су тасқынына және депутаттарға қатысты сұраққа жауап берді

14:36, 05 сәуір 2024 658

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Қостанай облысындағы Аманкелді, Жанкелді аудандарында 30-ға жуық ауылды су шайып кеткенін мәлімдеді. 

Соның ішінде, Тәуіш ауылында 100 шақты үй бар. 

"Кімнің үйін су басқанын өз көзіммен көрдім. Ауласындағы суды кештік. Біз барғанға дейін ол жерге ешқандай гуманитарлық көмек берілмеген. Жарық пен интернет болмады. Тек мектепте электр қуаты және жылдамдығы төмен wi-fi бар екен. Байланыс біз кетер кезде қосылды. Тіпті, қарапайы боти аяқкиімі де жетпеген", - деді мәжілісмен Nege порталына берген сұхбатында.

Ол Төтенше жағдайлар министрлігімен тікелей байланыс орнатылғанын айтты. Ауылға тікұшақ барған. 

"Басқасы басқа, дәл осы ауылға өзім барып, көзбен көргеннен кейін менің басты назарымда болады. Әрі қарай да Үкіметтің үй салып беру мәселесін қадағалаймын.

Су басқан аймақтардағы мектеп түлектеріне қосымша гранттар бөліну керек деп есептеймін", - деді Дәулет Мұқаев.

Ол соңғы кездері депутаттарға қатысты айтылып жүрген сындарға да жауап берді. Оның пайымынша, қоғамда депутаттың бейнесін жаман етіп көрсетіп тастаған.

"Депутат болғаныма бір жылдан асты, ұйқтап отырған бірде-бір әріптесімді көрмедім. Сондықтан депутаттарға қатысты стереотипті бұзу керек. Егер мен «депутатпын» деп шіреніп жүрсем, халықтың емес, әкімдердің «құлақтан тепкен» есептерін тыңдап қайтар едім. Сол себептен де жүрген жерімде «депутатпын», «депутат келе жатыр» деп шулата бермеймін. Керісінше, үндемей барамын да, шулатып жіберуім мүмкін. Біз көрсетпегенде жергілікті атқарушы органдардан, министрлерден мұндайды көру екіталай", - дейді халық қалаулысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар