Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елімізде қандай мамандықтардың маңызы артады?

14:17, 26 маусым 2024 349

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды.Геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтарға маңыз танытылғаны хабарлайды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп.

Сонымен қатар биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады: 

  • I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.

Естеріңізге сала кетейік, абитуриенттер өтінішті колледжге қағаз түрінде және egov.kz порталы арқылы электронды түрде екі жолмен бере алады. Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар