Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еліміздің құтқарушы мамандары жыл басынан бері 10 мыңға жуық адамды құтқарған

07:01, 18 қазан 2022 211
Еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі төтенше жағдайдың алдын алу, төтенше жағдай салдарын барынша азайту жұмыстарымен бірге төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалуға, оқиға орнында ең алдымен қауіптен тұрғындарды құтқаруға басымдық береді. Осы орайда жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде еліміздің төтеншелік құтқарушылары төтенше жағдай кезінде 9 863 адамды құтқарып қалған.

Әрине көшеде кетіп бара жатқан қарапайым адам біреудің өмірін құтқарып қалуға ықпал етсе жергілікті билік тарапынан, демеушілер көмегімен бағалы сыйлықтар жасалып, әрекеті қоғам тарапынан бағаланып жатады. Ал күнделікті қызметі ерлікке бергісіз, адамды құтқару негізгі міндетіне айналған құтқарушы мамандары үшін бұл жай ғана күнделікті қызметі деуге болады. Осы орайда еліміздің құтқарушы мамандарының маңызы зор, күнделікті қызметі ерлікке бергісіз деуге болады.

Жылдың төрт мезгілінде де тыным таппайтын төтеншелік мамандар биылғы жылдың тоғыз айының ішінде 61 983 рет төтенше жағдай кезінде көмекке ұмтылса, сол төтенше жағдайлар кезінде он мыңға жуық адамды құтқарып, 10 627 адамды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізген. Бұл ауқымды жұмыстар жыл аяғына дейін әлі де еселене түсетінін ескерсек, еліміздің төтеншеліктерінің атқарып отырған жұмысы орасан зор деп айта аламыз.

Адамдарды құтқарып қана қоймай, сол оқиға орнында 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек те көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің осындай жедел алдын алу жұмыстарының арқасында жыл өткен сайын төтенше жағдай кезінде зардап шегетін адамдар саны да азайып келеді. Демек еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің жұмыс сапасы да жыл өткен сайын артып келеді деуге болады. Жалпы жыл басынан бері 9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркеліп, осы төтенше оқиғалар кезінде 1 481 адам зардап шеккен. Алдағы уақытта төтенше жағдайдан зардап шегетін адамдар санын барынша азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде көп қабатты тұрғын үйлердің терезелеріне тор көздерін орнату, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жаднамаларды тұрғындар арасында тегін тарату, жеке тұрғын үйлерде газ дабыл қаққыштарын орнату, балаларға қауіпсіздік ережелерін жан жақты түсіндіретін арнайы мультфильмдер түсіру секілді жұмыстар қазір қарқынды түрде қолға алынуда. Ал көп балалы отбасыларға газ дабыл қаққыштарын жергілікті атқарушы биліктің көмегімен тегін орнату көзделген. Бұл бағытта басқа да қолға алынған шаралар алдағы уақытта төтенше жағдайдан зардап шегушілер санын азайтар деген үміт зор!

Сондықтан еліміздің төтенше жағдайлар қызметі төтенше жағдай кезіндегі тұрғындардың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қою бағытындағы жұмыстарды күшейте түсуге көңіл бөліп отыр. Төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы тағы бір жасалып жатқан игі шара еліміздің төтенше жағдайлар қызметі ұялы байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламаларды халыққа жіберу арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындарды сақтандыруға да көңіл бөлуде. Бұл бүгінгі күннің заманауи жетістіктерін төтетеншеліктердің өз қызметтеріне пайдаланып жатқанының айғағы. Осы орайда биылғы жылдың басынан бері осы қызметтің арқасында тұрғындарға қолайсыз ауа райы оның ішінде дауылды ескерту, боран, көктайғақ, аяз, қар көшкіні қаупінен тас жолдарының жабылуы, тұрғындардың жолға шықпауы, тауға бармауы, сабақтардың тоқтатылуы және тағы басқа ескертулер бойынша 4558 смс-хабарлама жіберілген екен. Бұл да болса халықты төтенше жағдайдан сақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі. Жалпы еліміздің құтқарушыларының халықты құтқару бағытындағы жұмыстары алдағы уақытта да жетілдіріле бермек!

Ерзия Ерсұңқар
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар