Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елтаңбаны өзгерту бойынша парламенттік тыңдалым өтеді - Қошанов

14:05, 20 наурыз 2024 419

ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің Елтаңбаны өзгертуге қатысты ұсынысы негізінде парламенттік тыңдалым өтетінін айтты.

Қошановтың сөзінше, жиында айтылған нақты ұсыныстарды орындау бойынша мақсат-міндеттер айқындалмақ. 

Әріптестер, президент белгілеп берген бағыт-бағдар бәріңізге түсінікті деп ойлаймын. Сондықтан Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде парламенттік тыңдалым өткізуіміз қажет деп санаймын. 

Сонымен қатар, ол Елтаңбаны өзгерту мәселесі ашық талқыға салынып отырғанын айтты.

Шынтуайтында,Герб мәселесінің талқыға түсуі – қоғамдағы пікір алуандығының көрінісі. Қолданыстағы Гербтің бейнесіне байланысты жастар, қоғам белсенділері тарапынан көтерілген ұсынысқа президентіміз құрылтайда өз пікірін білдіріп, ортақ, байыпты шешімге келуге шақырды. Мемлекет басшысы осылайша Герб мәселесін ашық талқылауға шығарып отыр", - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар