Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді Ресей Түркиядан санкциялық жүктерді жеткізе алмайды

13:19, 10 наурыз 2023 238
 


Түркия Үкіметі АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Анадолы жеріне келіп кеткен ресми сапарынан кейін Ресейге жеткізілетін санкцияға іліккен жүктердің транзитін тоқтатты.

Financial Times газетінің хабарлауынша, Түркияның кеден қызметі транзиттік жүктерді рәсімдеуді тоқтатқаннан кейін Ресейге шетелден келетін тауралар саны күрт азайды.
 

АҚШ соңғы күндері санкция жолдарын айналып өтіп, Ресейге кетіп жатқан тауарлардың жолдарын кесіп, мүлдем жауып тастау мәселесімен шындап айналыса бастады. Осы мақсатта Энтони Блинкен Қазақстанда, Өзбекстанда және Үндістанда жұмыс сапарымен болды. Ендігі кезек Түркиядан кейін Біріккен Араб Әмірлігіне келгелі тұр. Бұл шағын мемлекет Ресейге санкциялық электроника мен тұрмыстық заттарды жеткізіп беруге көмектесіп келген, – делінген басылымның материалында.

 

Енді ресейлік кәсіпкерлер тауар жеткізетін ыңғайлы жаңа жолдарды іздестіре бастады. Бұған дейін Франция Түркияны Ресейдің транзиттік жүктері жолдарын бұғаттап тастауға шақырған еді. Алайда оған Анадолы елі аса мән бермеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар