Бұл жайында оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
«Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.