Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есірткі. Ұйымдастырушылар мемлекеттік жүйеде отырған адамдар - депутат

14:51, 11 желтоқсан 2023 198
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин есірткі қылмысына қарсы күрес тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды alash.kz сайты.
"Министрдің (ред. – Ішкі істер министрі Ержан Саденов) баяндамасынан және бізге берілген ақпараттық материалдардан толыққанды талдауды көрген жоқпыз. Тек қана 2022-2023 жылғы ақпарат берілген. Соңғы бес жылдағы динамика, есірткіге қатысты жасалған талдау жұмыстары жоқтың қасы. Біріншіден, соңғы бес жылда есірткінің айналымы көбейді ме, азайды ма? Екіншіден, көрсетілген мерзімде қандай түрлері көбейіп, қай түрлері азайды? Бұл қай каналдардан келіп жатыр? Ол бойынша есірткінің түрлері мен көлемі қандай? Содан кейін, әр өңір бойынша талдаулар жасалынуы қажет. Яғни, соңғы бес жылдағы ешқандай ақпарат жоқ", - деді ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Жаңбыршиннің сөзінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылда көрші елдермен қандай жұмыс атқарылғаны туралы да мәлімет берілмеген.
"Қай тұста Парламенттің көмегі қажет? Сіздер заң тұрғысынан ғана ақпарат бердіңіздер. Ал, басқа мәселелер қайда? Біз себебімен емес, салдарымен күресіп жүрміз. Орындаушылар ұсталады, ұйымдастырушылар, нарко-мафиялардың бірде бірі ұсталмаған. Бұл не құқық қорғау органдары жұмыс істей алмайды, не ұйымдастырушылар үлкен мемлекеттік жүйеде отырған адамдар деген сөз. Бұл – үлкен бизнес. Бұл жерде триллиондаған ақша айналып жатыр. Мұны жоятын шара көріп отырған жоқпын.  Неге (есірткі) каналдары жабылмайды? Кімнің сатып отырғаны, қандай каналдан келіп жатқаны бәріңізге белгілі. Өтірік айтып не керек, Жаңа Қазақстанда жаңа жүйемен жұмыс істеуіміз керек. Барлығын ұстап, апарып қамайық", - деп қосты ол.

Депутат заңнаманы күшейту қажет болса, Парламент бұл мәселеде бастамашы болуға дайын екенін жеткізді.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар