Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуропалық комиссия TikTok желісін тексеруге кірісті

05:42, 21 ақпан 2024 426
Еуропалық комиссия TikTok әлеуметтік желісіне қатысты Digital Services Act (DSA) талаптарын бұзғаны үшін тергеу бастады.

DW басылымының дерегінше, Digital Services Act реттеушісі платформаның кәмелетке толмаған пайдаланушыларды зиян контенттен қорғау үшін қалай жұмыс істеп жатқанын тексереді.
«Кәмелетке толмағандарды қорғау – DSA басымдық беретін мәселелердің бірі. Миллиондаған бала мен жасөспірімдерді қамтитын платформа ретінде TikTok DSA-ға толығымен сәйкес келуі және интернетте кәмелетке толмағандарды қорғауда ерекше рөл атқаруға тиіс», – деді Еуропалық комиссаның мүшесі Тьерри Бретон.

Бұл – Еуропалық комиссияның DSA аясында цифрлық компанияларға қарсы бастаған екінші тергеуі. Өткен жылдың желтоқсан айында реттеуші Илон Масктың X әлеуметтік желісінің қызметіне аудит бастады. Оның барысында заңсыз контентті жою талаптарының бұзылуы тексерілді. Сонымен қатар компания платформа жалған ақпаратпен күресу үшін жеткілікті жұмыс істеп жатыр ма, жоқ па, соны тексерді.

DSA ережелері бұзылса корпорацияларға жаһандық кірісінің 6% мөлшерінде айыппұл салынады.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық депутат Алишер Сатвалдиев TikTok кесірінен деградацияға ұшыраған жастар көбейіп жатқанын айтқан. Тіпті ол ТікТок бойынша ел аумағында шаралар қабылдап, қажет болса бұғаттауды ұсынған еді.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар