Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Филармония ардагерлерді жұмыстан қуып жатыр

08:36, 28 қаңтар 2022 286
Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония қызметкерлері жұмыстарынан қуылып жатыр. Бұл туралы белгілі ерлі-зайыпты әншілер Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтер әлеуметтің желідегі парақшаларында жазды. Олар:



 

"Құрметті халайық, армысыздар! Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясында 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп мемелекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқада сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымдарында жұмыс істеп өнерлерін паш етіп жүр. Филармониямызда бар-жоғы 4-5 республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткерлері бармыз, бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға облысымыздың мақтан тұтар беткеұстар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма дегенді қолданбаймыз, сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз халық үшін" деп жазыпты.

Ал Ұлжан Айнақұлова да өзінің ұзақ жыл еңбек еткен қарашаңырағынан қуылып жатқанын айтып, жанайқайын бөлісіпті. Ол "Сүйінбай филармониясында директор інім "Управлениеден (жоғар жақтан) пенсиядағылар жұмысты босатсын деп жатыр , 4-5 күнде орындалу керек !" деді. Қанат, Айткүл Құдайбергеновтерде бар. Жарты ставкіде едік, оныда көп көрді ме?! Өнер адамын тек өнер адамы түсінеді! Ұжымда 38 әнші бар екен, тізімін көрерменге көрсетер болса , көп болса 7-8 әншіні таныр. Мен әріптестеріме , жастарға топырақ шашпаймын! Біз бір ән айтсақ та халықты жандыра алатын Алладан берген өнеріміз бар. Біздің өз орнымыз, салмағымыз бар өнерпаздар емеспіз бе?! Өнерден хабары жоқ, адамшылық қылығы жоқ, жүрегі мүлдем жоқ мәдениет басшысына не дейік?! Ал кейбір тіреуі бар зейнеткер 1 жарым ставкідеде істей береді. Заң неге бәріне бірдей емес?!" деп жазды. 

Өнерге жастардың келгені дұрыс. Бірақ ағабуын өнерпаздардың жастарға үлгі көрсетіп жүргендері қай салада болсын артық болмас. 

Ермек КЕМЕШҰЛЫ 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар