Қазіргі жағдайда сайлау өткізу – бұл біздің еліміздің азаматтары тарапынан күмәнсіз қолдау табатын толықтай орынды сұраныс. Сондықтан президенттік мандаттың жеті жыл әрі бір-ақ рет сайлануы жұртшылық үшін таңсық болар. Бірақ қазақстандықтар түбегейлі өзгерістер кезеңінде өмір сүруде. Сол себепті біздің әрқайсымыз үшін шетте қалмау және өзінің азаматтық ұстанымын көрсету өте маңызды.
Екіншіден, бұл ретте Қазақстанда бәсекелес саяси орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалады. Яғни, билікті монополизациялау қаупін азая түседі. Осы мерзім сайлау алдындағы бағдарламаны, ірі жобаларды жүзеге асыруға, халыққа берген уәдені орындауға жеткілікті деп ойлаймын. Сондықтан бұл норма – Қазақстандағы саяси реформалар бағдарламасының бір бөлігі. Соның арқасында Қазақстан өз ішінде мықты әрі тұрақты бола отырып, жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алып, егемендігін сақтап, мәдени игілігін еселей түсетініне күмән жоқ.
Ғалым Ахмедьяров,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
«Астана Опера» МОБТ директоры