Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ханның қызысыз ба?". Бұрынғы әкімге тікелей сауал қойғаны үшін қысымға ұшыраған белсендінің балалары Тоқаевқа үндеу жолдады

14:58, 11 қыркүйек 2024 1713

"Бізді анасыз қалдырмауыңызды сұраймыз". Белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованың балалары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, базынасын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Құрметті Қазақ елі, Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Құрметті Қызылорда облысының әкімі, Жаңақорған аудандық соты. Сіздерден анамыз Сандуғаш Тұрлыбекованың сотына байланысты әділдік сұраймыз. Соттың әділ болуын, біздің бес баланы анасыз қалдырмауларыңызды өтініп сұраймыз. Анамызға жабылған жаладан ақталып шығуға ықпал етіп, әділдік орнатсаңыздар екен дейміз, - деді олар.

Еске сала кетейік, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, "Ханның қызысыз ба?" деп төтесінен сауал қойып, жол жабылудың себебін сұрап, түсірген видеосын әлеуметтік желіде жарияланған еді.

Видеода Тұрлыбекова мініп келе жатқан микроавтобусты жол полициясы "әкім жүреді" деп жібермей тұрғаны көрінеді. "Әрі қарай жаяу кетуге мәжбүр болдым" деген Тұрлыбекова аурухана алдынан облыс әкімін көріп, "жолды жапқызатындай ханның қызы ма едіңіз?" деп сауал қояды. Белсендіге жүре жауап берген Әбдіхалықова кейін арнайы видео таратып, өзінің де, аудан әкімінің де, аудандық ішкі істер бөлімінің де жолды жапқызбағанын айтып, учаскелік полицияға кінә артқан.

Облыс әкімі мен қоғам белсендісінің диалогы әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі пікір туғызды. Тұрлыбекова осыдан кейін аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасы шақырып, қысым жасауға тырысып жатқанын әлеуметтік желіде хабарлап жүрді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар