Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ильхам Әлиев: Біздің отбасымыз - түркі әлемі

06:15, 15 ақпан 2024 268
Әзірбайжанның бесінші рет қайта сайланған президенті Ильхам Алиев ұлықтау рәсімінде түркі бірлігінің маңызы туралы айтты.

Оның сөзінше, мемлекеттің алдағы саясаты түркі бірлігін нығайтуға бағытталмақ.
Біздің отбасымыз түркі әлемі. Біз Түркі мемлекеттері ұйымына мүше барлық елдермен бауырластық қарым-қатынастамыз және біздің саясатымыз Түркі мемлекеттері ұйымын нығайту болып табылады.

Бұл үлкен география, үлкен аумақ, үлкен әскери күш, үлкен экономика, табиғи ресурстар, көлік жолдары, жас халық, өсіп келе жатқан халық, ал біз бір текті, бір тамырдан шыққан адамдармыз. Бірлік бұдан күшті бола ала ма? Әрине жоқ.

Біз Түркі мемлекеттері ұйымының жаһандық аренадағы маңызды факторға және күш орталығына айналуын қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Бұған бірге ғана қол жеткізе аламыз, - деді Алиев.

Фото: trend.az
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар