Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жайық өзені арнасынан асып, жағасындағы Тайпақ ауылына қауіп төндірді

09:39, 04 мамыр 2024 803

Жайық өзенінің Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы тұсындағы су деңгейі қауіпті шектен (850 см) асып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 4 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі ақпаратқа сәйкес өзен деңгейі бір тәулікте 52 сантиметрге көтеріліп, 857 сантиметрге жетті.

Жайық өзенінің Батыс Қазақстандағы басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп жатыр. 

Оған қоса Бәйтерек ауданындағы Көшім каналында 779 сантиметрді (-34, қауіпті шегі — 800 см) көрсетті.

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Тайпақ ауылы биікте орналасқандықтан, қауіп жоқ.

«Тайпақ ауылы тұсында күн сайын су деңгейі 50 сантиметрге жоғарылағанымен, жағдай қалыпты. Сондай-ақ Базаршолан, Алмалы, Сарытоғай ауылы маңындағы жайылмаларға да су шығып, Атырауға қарай ағып кетіп жатыр», - деді М.Сердалин.

«Жайықтехсервис» МКК директоры Тимур Мырзағалиев өзен бойында орналасқан су ұңғымаларын су басуына байланысты ауылдық округтерге ауыз судың тасымалданып беріліп жатқанын жеткізді. 


Бір айта кетерлігі, су тасқынынан батыс өңірдегі ауыл шаруашылығы аймағы да зардап шегіп отыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар