Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жеңу туралы тапсырма болды. Ережеге сай ойын болмады - Рамис Құдайбергенов

19:00, 12 қыркүйек 2024 2369

Танымал журналист Өміржан Әбдіхалықұлы Дүниежүзілік көшпенділер ойынында өткен көкпар жарысы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық  порталы.

"Айтарға сөзім жоқ. Ұлы ғұламалары мен данышпандары, зиялылары бар тұтас қазақ халқын ренжітіп алам ба деп қорқам. Иә, 100-200 адам бар, соларға бола бүтін халықты ренжітуге болмайды. Бүгін ережеге сай ойын болмады. Ойыннан соң маған бізді қалай да жеңу туралы тапсырма болғанын айтты. Сабаса да ереже бұзса да бастысы жеңу болған. Мұны айтқандардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын», – деді Қырғызстан көк бөрі федерациясының сарапшысы Рамис Құдайбергенов.

Қазақстан көкпар федерациясы, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ақпараттық дирекциясы әлі үнсіз. Көкпар финалындағы дауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар