Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Журналист Айгерім Тілеужанның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалды

09:21, 06 наурыз 2024 460

Журналист Айгерім Тілеужан екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Оның адвокатының айтуынша, оған "басқа сотталушының денсаулығына орташа қасақана зиян келтірді" деген айып тағылған. Бұл бап бойынша санкция айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бұған дейін белсенді Ринат Рафхат әйелдер колониясында Әйгерім Тілеужанның денсаулығы нашарлағанын хабарлаған еді.

«Адвокаттың айтуынша, Әйгерімнің омыртқасы ауырады. Соның кесірінен ауруы күшейіп барады дейді. Бұған дейін аштық жариялау кезінде оның бірнеше тісі түсіп қалған. Қалай болғанда да, Әйгерімге шұғыл кешенді медициналық көмек қажет», - деп жазады белсенді.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымын қарады. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен қатар, сот әуежай ғимаратын, қызметтерді және әуе компанияларын мойындаған жәбірленушілердің пайдасына шығынды өндіру туралы шешім қабылдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар