Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жұртты анықталмаған ақпаратпен шошыту кімге керек?

15:11, 12 сәуір 2024 397
Елдегі болып жатқан су апаты жайлы қаншама ақпараттар, видеолар ватсап, инстаграм сияқты желілерден күн сайын келіп жатыр. Енді солардың біреуі шын болса, екіншісі жалған. Келген видеоны анық-қанығына жетіп алмай таратпасаңдаршы қазақтар-ау...
 
Ресми сайттардың ақпараты болса дұрыс, сілтемесін қоса салыңдар. Онсыз да дүрліккен жұртты өздеріңнің көздерің жетпеген дүниемен шошыта беріп не керек?
 
Дұрыс, түсінем үйлері суда қалған ағайынға оңай болып жатқан жоқ. Бірақ мемлекет оларды далаға тастамайды ғой. Адам аман болса үй де, дүние мүлік те, мал да табылар.
Өкімет те, елімізге белгілі әншілер, блогерлер, кәсіпкерлер де, тіпті қарапайым халық та аянып қалып жатқан жоқ, қолдарынан келген көмектерін беріп жатыр.
 
Күріштің арқасында күрмек су ішеді демекші, өкінішке қарай бұл апаттан да өз пайдаларын жасап қалып жатқан адамдар жоқ емес.
Сол үшін қиналған ағайынға жәрдем бергісі келетіндер, әлемжелідегі әдемі жазбасына қарап, оқырманы көп екен деп кім екенін біліп алмай жатып ақша аудара салмай, ресми қорларды іздеп тауып аударған дұрыс-ау.
 
Қазақтар ескі замандағы көрген азабын айтпағанда, тоқсаныншы жылдардың қиындығы мен кешегі ковидті де жеңіп өтті ғой. Су тасқыны да қайтып, бұл күндерді де көрмегендей болып кетеміз әлі. Алдағы күннен үміт үзбейік. Бірлігіміз мәңгі болсын Қазақ елі!
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар