Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кәрім Мәсімовтың ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды

04:00, 12 мамыр 2022 276
 



Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға – 6 маусымға дейін ұзартылды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды. Олар 13 қаңтарда қамауға алынды. Олардың үстінен билікті күштеп тартып алуға және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 8 қаңтарда ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылды. Комитеттің бұрынғы басшысы өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды. Сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

Кейін ҰҚК одан тәркіленген сәнді заттарды көрсетті. Сондай-ақ министрлік Кәрім Мәсімовтің жабық келісімшартты алу үшін шет мемлекеттің өкілдерінен 2 миллион доллар пара алғанын хабарлады.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар