Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Каталония соты Назарбаевтар әулетіне көпшілік жолды ашуды бұйырды

12:15, 26 наурыз 2024 340

Испанияның Каталония Жоғарғы соты жергілікті тұрғындар мен Назарбаевтар отбасы арасындағы ұзақ уақытқа созылған сот дауына нүкте қойды.

Қақтығыстың себебі - Қазақстанның экс-президентінің отбасына тиесілі мүліктің аумағы арқылы өтетін көпшілік жолдың жабылуы болған. 

Can Juncadella жылжымайтын мүлік кешені Коста Бравада орналасқан Лоретта де Мар курорттық қаласында орналасқан. 2007 жылы оны Назарбаевтар отбасы сатып алған.

Ал, 2009 жылы Назарбаевтар отбасы көпшілік өтетін жолды бөгеп, арнайы күзетпен жауып тастады.Ал, бұл аумақ арқылы өтуді заңды құқығы деп санаған азаматтар сотқа жүгінген.

Енді Каталония Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Нұрсұлтанқызының құрылымдары бақылайтын испандық Flinder Data SL компаниясы жолды көпшілік пайдалану үшін ашуға міндеттелді.

Бұл шешімге туристік маршруттар ашуды бұрыннан жоспарлаған табиғат қорғау белсенділері ерекше қуанды. Олар қарар жарияланғаннан кейін бірден бағдарламаларды әзірлеуге кіріскенін хабарлады.

Айта кетейік,Can Juncadella жылжымайтын мүлік кешені Коста Бравадағы Лоретта де Мар курорттық қаласында орналасқан. Бұл Жерорта теңізінің үстіндегі бақылау палубасына кіру мүмкіндігі бар 18 гектардан астам кең аумақ. 3200 шаршы метрлік виллада 19 жатын бөлме, 13 ванна бөлмесі, бассейн және сауна бар.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар