Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Катар компаниялары Алматыны туристік бағыт ретінде таңдайды

05:09, 11 тамыз 2022 236

Алматы Катардан келген бірінші ұйымдасқан іскерлік туристер тобын қарсы алды. Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген еді. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды.


Қазіргі таңда Алматыға Таяу Шығыс елдерінен туристер көптеп келуде. Бірінші тоқсанда қалаға 55 мыңнан астам шетелдік турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Олардың бір бөлігі Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері.



Мамандардың айтуынша, бұл қаланы халықаралық нарықта ілгерілету үшін Алматы қаласының әкімдігі мен туроператорлардың бірлесіп жүзеге асырған халықаралық іс-шараларының, әуе қатынасын қалпына келтіру мен шекараны ашудың арқасында мүмкін болған. Мысалы, «Dubai ATM - 2022» туристік көрмесіне, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы мен Оман елдерінің ірі қалаларындағы роуд-шоуларға қатысу.


«Алматы қарапайым саяхатшылар менбизнес туристтер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристтер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристтік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан туристтік ағымды арттыру қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристтердің орташа чегі әлдеқайдажоғары», - деді «Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.



Айта кетсек, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100 астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар