Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кеңес Рақышев активтерін неге сатып жатыр?

11:29, 12 шілде 2024 673
Қазақстанға белгілі олигарх кәсіпкердің бірі Кеңес Рақышев соңғы кезде өзіне тиесілі бірнеше компанияларымен қаржылық ұйымдарының активтерін сатылымға шығара бастады деп, хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Inbusiness Forbes-тің қазақстандық тізімінде алғашқы жиырмалықта тұрған кәсіпкердің соңғы кездегі сатылымдарына шолу жасап көріпті.

Рақышевқа тиеслі активтерге қатысты сатылымдардың соңғысы БТА банкінің Беларуссиядағы филиалы. Банк акцияларының 99,93%-ын сатып алушы "SNRG Capital Eurasia" ЖШС (Қазақстан) болды. Мәміленің аяқталғаны туралы 5 маусымда "Қазақ БТА Банкі" АҚ-ның Беларусьтегі еншілес ұйымы хабарлады.

"SNRG Capital Eurasia" ЖШС қазақстандық кәсіпкер Сұлтан Мареновке тиесілі.   

Сұлтан Маренов Беларусь нарығымен жақсы таныс. Ол 2005 жылдан 2015 жылға дейін 10 жыл бойы "БТА Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасы болды. 2024 жылдың қаңтарынан бастап Беларусь БТА банкінің директорлар кеңесін басқарды.  

"БТА Банкінің Беларустегі клиенттері негізінен ШОБ және жеке тұлғалар. Жаңа меншік иесі "бар аймақтарды белсенді түрде дамытады" және "Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына бағытталған" кәсіпорындар мен кәсіпкерлермен жұмыс істейді.  Сонымен қатар 2024 жылы банк атауын өзгертеді: жаңасы "жаңа стратегияға толығымен сәйкес келеді",- деп жазды сатылым туралы ақпарат берген жоғарыдағы дереккөз.

БТА Банк Беларусь сатылымда екені 2024 жылдың ақпан айының басында белгілі болды. Рақышев бұл ақпаратты Forbes.kz сайтына берген түсініктемесінде растаған болатын. Ол кезде әлеуетті сатып алушы Беларусь Ұлттық банкінен рұқсат алып, барлық қажетті корпоративтік құжаттарға қол қойылған. Тараптар Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің келісімін ғана күтіп отырғандығы жазылған. Сол кезде сату-сатып алу мәмілесі 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталады деп айтылған. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай саудаға нүкте қою уақыты маусымның алғашқы аптасына дейін созылды.  

Сатылған банктің дәл қазіргі жағдайдағы табысы немесе басқа да қаржылық жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ. Тек бір білеріміз қаржы ұйымы өткен 20023 жылды едәуір табыспен қорытындылаған.

Беларусь БТА-ның 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы есебіне  сәйкес, банктің активтері 440,8 миллион беларусь рублін (60,9 миллиард теңге), капиталы — 59,4 миллион беларусь рублін (8,2 миллиард теңге) құрайды. Банктің 2023 жылдың тоғыз айындағы таза пайдасы 2,37 миллион беларусь рублі (шамамен 327 миллион теңге) болған.    

Осы жерде айта кетер бір ақпарат БТА банк бұған дейін де өзге екі елдегі филиалын сатылымға шығарған болатын. Олардлың бірі "БТА банк Қырғызстан"  екіншісі "БТА банк Украйна". Алғашқысы 2019 жылы сатылып кетті. Оны қырғызстандық ірі қаржы ұйымдарының бірі болып табылатын "Бакай Банк" сатып алды. Екіншісі яғни укараинадағы БТА банк жаңа иесін әлі де іздестіру үстінде. Осыдан екі жылдай бұрын отандық "Каспи банк" қызығушылық танытқаны айтылған. Артынан ол елдегі саяси, экономикалық тұрақсыздыққа алып келген соғыс жағдайына байланысты тоқтап қалды.

Жалпы, Рақышев БТА банктерін сату туралы шешімін өзінің банк саласынан біржолата кеткісі келетінімен түсіндірген болатын.

Жақында кәсіпкер Кеңес Рақышев бақылайтын Fincraft Resources АҚ шоғырландырылған жылдық есептері бойынша 2023 жылға 655,3 миллион теңге көлемінде шығынға ұшырағандарын жариялады.  Бұл туралы акционерлер 30 мамырда өткен жалпы жиналысында айтылған.  

Дәл осы жиында ішкі-сыртқы есеп бойыншав компанияның жалпы шығыны 2,88 млрд теңгені құраған.  Алайда, шығындардың себептері түсіндірілмеді.

Одан бір жыл бұрын яғни 2022 жылдың соңында да Fincraft Resources жиынтық форматта 443,6 млн теңге шығынмен аяқтағанын жазған.

Тағы бір дерек өткен жылдың соңында Кеңес Рақышевке тиесілі "Казникель" ЖШС бірқатар бақылау пакетін сатылымға шығарғалы жатқандығы айтылды. Бұл туралы Forbes.kz жариялаған Fincraft Resources компаниясының 2023 жылға арналған қаржылық есебінде көрсетілді.

Ақпаратқа сенсек Fincraft Resources тобының басшылығы активті сату туралы шешімді 2023 жылдың шілдесінде қабылдаған. Топ қарапайым дауыс беретін акцияларының 100 пайызын BMT Nico жеке компаниясына сатады,. Нәтижесінде сатып алушы жақ Kaznickel компаниясының 74 пайызына иелік ететін болады. Мәміленің аяқталуы 2024 жылдың бірінші жартысында деп айтылған болатын. Бірақ әзірге сатылым туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Бір анығы аталған акцияларды сату бойынша тиісті барлық құжаттарға қол қойылған. Оның үстіне 2023 жылдың желтоқсанында Fincraft Resources сату шарты бойынша 2 млрд теңге көлемінде алдын-ала төлем де алып үлгерген.  Мәміленің жалпы сомасы әзірге белгісіз. Алайда 2023 жылдың соңындағы деректер бойынша "Казникель" компаниясы жұмыс істейтін Шығыс Қазақстандағы Горностаевское кобальт-никель кен орнының активтері 3,48 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, сатуға арналған активтер – ұзақ және қысқа мерзімді есепке алғанда – 7,87 млрд теңгені құрады. Сатуға арналған жалпы міндеттемелер – 585,3 млн. теңге.

Айта кетейік Рақышев Fincraft Group арқылы Fincraft Resources компаниясына иелік етеді, оған компанияның 78,85% тиесілі. Сонымен қатар, Fincraft Resources-тің 9,76% үлесі Кипрде тіркелген Heathpoint Holdings Limited компаниясына тиесілі. Кеңес Рақышев 75 ең бай - 2024 рейтингінде 19-шы және Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері - 2023 рейтингінде 20-шы орында. Forbes Kazakhstan  44 жастағы кәсіпкердің байлығын 435 миллион долларға бағалайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар