Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көршімен тату болайық!

09:30, 20 мамыр 2022 249
[video width="480" height="640" mp4="https://alash.kz/wp-content/uploads/2022/05/WhatsApp-Video-2022-05-20-at-15.22.40-1.mp4"][/video]

Құрметті Отандастар!
Түркістандағы өзбек пен қазақтың жер жайылымына байланысты теке-тіресін ресейшіл және қытайшылдар одан сайын ушықтыра түсіп,өз мүддесіне пайдаланғысы келетіні жасырын емес.
Жаман ұлт болмайды,жаман адам болады дегендей,сауатсыз-надан арандатушылар кез келген қоғамда кездеседі.
Жаратушы-Тәңір өзі сақтасын,егер Ресейдің агрессиясына ұшыраған Украина халқы сияқты әскери экспансия басымызға төнсе, Ресей иелік ететін ОДКБ,Еуразиялық және кедендік одақтардан мүшелікке кіруден бас тартқан Өзбек елі ғана бізге көмектесе алады.
Ал анау ортағасырлық Осман халифатын құрғысы келетін діншіл Ердоғанға қарағанда Қазақстан Өзбекстанмен мейлінше тату-тәтті тұруға ұмтылуы қажет.
Өзбек ағайындармен ынтымақ-бірлігіміз жарасса Қытай, Ресей,Иран сияқты импершіл мемлекеттер өз саяси мүдделерін қазақ қоғамында жүргізе алмайды.
Сондықтан да өзбек өз ағам,ал қазақ-қырғыз бір туған демекші Қазақстанның реал саясатта АҚШ,Европа,Англия, Израильмен қатар одақтасы мынау Тәңір қосқан көршіміз Өзбекстан мен Қырғызстан болуы керек!

Тұрарбек Құсайынов, Тәуелсіз журналист
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар