Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеуде". Ресей жанармай тапшылығын қалай шешеді?

20:06, 29 сәуір 2024 703

28 сәуірден бастап Ресейдің кей өңірлерінде жанармай тапшылығы басталды. Алыпсатарлар тарапынан жанармайды сатпай, өзінде жинай бастау әрекеттері де байқалған. Біршама мұнай өңдеу қуаттары істен шыққаннан кейін, губернаторлар Кремльге шағым айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы DALA INSIDE жазды, деп хабарлайды alash.kz.

Бүгінде Украинаның негізгі нысаны – Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары.

DALA INSIDE дереккөзі бойынша, Қауіпсіздік кеңесінің болжамы көңіл көншітпейді. Енді Киев гибридті соққы - яғни ракеталар мен дрондарды араластырып соққы бере алады. Оған мұнай өңдеу зауыттарын жауып тұрған әуе қорғанысының шамасы жетпеуі мүмкін.

“Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеуде. Басты идея - көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге бағынышты мұнай өңдеу зауытының болуы. Оның алдында Беларусь басшылығы Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендірген болатын. Өз кезегінде, егер Мозырь таза Ресей қажеті үшін жұмыс істейтіні дәлелденсе, Украина Беларусьтағы инфрақұрылымға да соққы беруге дайын. Және ол ракета әлде дронмен емес, ішкі диверсия, байқамай өртеніп кету, техногендік апат түрінде орын алуы ықтимал”, деп жазылған дереккөз мәліметінде.

Сондай-ақ, дереккөз Беларусьтің тәуекелі жоғары екенін білетін Кремль жабық отырыста Лукойлды Атыраудағы МӨЗ мәселесін шешу бойынша асықтыратынын жазады. Лукойлда ондай ақша бар.

Айта кетсек, компания 2023 жылы 790 миллиард рубль таза кіріс алды. АМӨЗ Қазмұнайгазға тиесілі. Қазмұнайгаз оны сату бойынша нақты жоспар дайындамаған болатын. Бұл идея тек концептуалды түрде талқыланып жүрген. Әзірге Лукойл Қазмұнайгазға шыққан жоқ. Олар мәселені зерттеп, ҚМГ-ға ұнайтын ұсыныс әзірлегісі келеді.

“Осы ұсыныс пакетінде Лукойлға тиесілі Болгариядағы Бургас МӨЗ-іне қатысты тарау да болып қалар деп ойлайды. АМӨЗ-ді Бургасқа алмастыру, оған қоса басқа да опциондар беру туралы ұсыныстар келсе, Қазмұнайгаздың ойланып қалары белгілі.

ЕАЭС-тегі жанармайдың ортақ нарығы деген дүниенің өзіне құрылған қақпан екенін Қазақстан енді түсіне бастады. Ортақ нарық болса, Ресейдегі дефицит пен қымбат баға Қазақстанға да келетіні айдан анық болып тұр. Онда біздегі санаулы МӨЗ-лар толық Ресей нарығына жұмыс істеп, өз нарығымызда адам айтқысыз дефицит басталады. Ал 2022 жылы автогаз бағасының бірнеше есе өсуі неге алып келгендігін Үкімет ұмытқан жоқ. Астана Еуразиялық комиссияны алдап-сулап, осы ортақ нарықтың енгізілуін 2025 жылдан 2027 жылға дейін созды. Бірақ Кремль тізеден басып, 2027 жылдан кейін біз жалтара алмайтындай қылуға ниетті”, деп жазды дереккөз.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын сұрағанын. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар