Батыс Қазақстан облысында колледж студенттерінен құрылған қылмыстық топ ұсталды. Олар бірнеше қылмыстық әрекет бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
БҚО Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жас жігіттер Орал қаласындағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін бопсалап, алаяқтық әрекеттер жасап, тонаған. Сонымен қатар, ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Колледжде оқитын 4 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.