Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда күйеуі пышақтап тастаған әйел туралы сұмдық ақпарат шықты

18:06, 14 шілде 2024 554

Маңғыстау облысында әйелін көше бойында пышақтап тастаған күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz  сайтына сілтеп. 

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.

Ал облыстық арухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиеваның айтуынша, Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Есін біледі. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емделуде. Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Пациенттің аяғы ауыр, жүктіліктің 10 аптасында.

«Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілді», - деді аурухананың баспасөз қызметінен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар