Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Машкевич Қазақстаннан пайызы төмен несие сұрайды

08:32, 13 ақпан 2024 279
Қазақстан электролиз зауыты Ақтөбе облысында қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті. Қазақстанның Даму Банкі аталған зауытты қаржыландыруды мақұлдаған. 
Несие сомасы және жобаны қаржыландырудың басқа шарттары туралы ақпарат айтылмайды, банк тек Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін Қазақстан электролиз зауытының иелері Александр Машкевич (20,72%), Патох Шодиев (18,57%), Мұқадасхан Ибрагимова (марқұм Әлиджан Ибрагимовтың жұбайы) (20,71%) екенін айтып өткен. Зауыттағы Қазақстан үкіметінің үлесі 40 пайызды құрайды.

Дәл осындай қожайындары бар тағы бір жеке компания – «Хромтау WPP Ltd» ЖШС өткен жылы Қазақстан Даму банкіне Ақтөбе облысының Хромтау ауданында қуаттылығы 155 МВт жел электр станциясының құрылысын қаржыландыруға өтінім берген, деп жазады qaz.ulysmedia.kz.

Фото: "Коммерсант"
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар