Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен жәбірленушімін: Қайрат Нұртас 7 жылға соттала ма?

12:48, 05 шілде 2024 3042

Қайрат Нұртас жанжалдың неден шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған") және 73-бабының 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша іс қозғалды.

Сот барысында процесске Қайрат Нұртастың ресми өкілі болып інісі Аян Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова қатысып отыр. 

"Мен ұрған жоқпын, әуелі мені соққыға жықты", – деп жауап берді Қайрат Нұртас. Әртіс Қайрат Нұртас қарсы арызды өзі бермекші деп отыр.

Ол жанжалдың неден басталғанын айтып берді

"Мені досым тойға шақырды. Тойға бара алмаймын дедім. Ол неге келмейсің деп боқтап, басымнан екі рет ұрды. Мен де оны ұрдым. Сосын тыныш отырдым. Бірақ артымнан келіп тағы ұрды. Болғаны осы. Тәртіпті бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін", – деді әнші.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Аслан есімді ер адаммен баласы екеуі бұрыннан жақын таныс әрі дос екенін мәлімдеді. Анасы баласына сот тарапынан сұрақтар қоймауын талап етті.

Ал Аслан есімді жәбірленуші өз тарапынан мән-жайдың қалай болғанын айтып берді.

"Мені жерден алып, жерге салып боқтаған сөздері де бар. Таңертең тұрып ортақ достарымызға хабарласып, ол неге мені боқтады, ренжулі ме деп сұрадым. 4 сәуір күні жолға шықтым, сол кезде ұшақта Қайратты көрдім. Сосын неге боқтадың деп сұрадым. Мені бортпроводник алып кетті. Сол кезде мені Қайрат ұрды. Сосын екеуміз ұшақ ішінде екі жаққа отырдық. Ұшақтан түскен соң полиция екеумізді алып кетті", – деді жәбірленуші. 

Асланның айтуынша, бортсерік Қайратты емес, оны жібермей ұстап отырған.

Бортсерік мені ғана байлап қойды. Қайратты халықтың баласы болған соң қолдады ма. Мені ғана байлап, мені ғана тыныш отырғызды. Менің тарапымнан бұзылды деп есептемеймін. Қайрат тарапынан бұзылды деп есептеймін. Әнші маған неше түрлі балағат сөздер айтты. Айдарбековке арыз шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын", – деді жәбірленуші. 

Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова екі жақта бір-біріне кешірім беру керек екенін айтты.

"Бір біріңе кешірім берулерің керек. Алып бара жатқан мұрның сынған, басың қанаған, көзің шыққан ештеңе жоқ. Екеуің де маған басқа адам емессіңдер, сен де маған балам сияқтысың", – деді Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы ұлына айыппұл салуды сұрайды. Гүлзира Айдарбекова жанжалға ұлы да, жәбірленуші де кінәлі деп санайды. Ол ұлына қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрайды. Әншінің гастрольдік сапарлары бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар