Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министрлік "Владимир Жириновскидің" Қазақстанға келетінін айтты

10:14, 06 шілде 2024 716

Қазақстанның тумасы,кезінде Қазақстан аймағына келуіне шектеу қойылған Ресейдің бұрынғы депутатының құрметіне астрахандық "Лотос" кеме жасау зауыты жаңа круиздік лайнер құрастырмақ. "Владимир Жириновский" (бұрынғы атауы – Great Peter) круиздік лайнері Каспий теңізінде 2025 жылы толыққанды жүзе бастайды. Бұл туралы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Ресейлік "Владимир Жириновский" круиздік лайнерінің қолданысқа берілуі аймақтың туристік әлеуетін дамытуға оң ықпал етеді. РФ құрамындағы Астрахань облысының Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, аталған лайнерді 2024 жылдың соңында, қараша-желтоқсанда толығымен тапсырып, эксплуатацияға енгізу жоспарланып отыр. Лайнер "судағы бес жұлдызды қонақүй" концепциясына сәйкес келетін болады", – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Қазір "Ақтау теңіз сауда порты" АҚ желісін жаңғыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Порт круиздік лайнерлерді қабылдауға және қызмет көрсетуге бейімделмек. 

Министрлік аты қолайсыз болса да, бұл лайнердің пайдасы көп болатынын алға тартады. Атап айтқанда, еліміздегі туристер ағынын арттыруға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасап, оң ықпал етеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар