Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мырзағали Айтжанов жаттығу жоспарын дұрыс құрмаған". Бас бапкер Қайрат Сәтжанов қателіктерді тізді

14:20, 18 тамыз 2024 294

Бокстан Қазақстан құрамасының жуырда ғана тағайындалған бас бапкері Қайрат Сәтжанов қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап,  Қазақстан бокс федерациясының  бұрынғы басшылығын сынады. Сөз арасында Мырзағали Айтжановтың қателіктерін тізіп шықты деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы.

Қайрат Сәтжанов осыған дейінгі жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді шегендеп, жоспардың о бастан дұрыс құрылмағанын айтты:

«Мемлекет және Қазақстан бокс федерациясының басшылығы сенім білдіргендеріңізге көп рақмет. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.

Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар мәселе бар. Ол мәселелерді өзіміз Париж Олимпиадасында көрдік. Ең алдымен жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған және командалармен біріккен оқу-жаттығу жиындары өтпеген.

Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Олар: жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманың бәріне бірдей көңіл бөлу, Қазақстанда болатын жарыстарды, іріктеу турнирлерін әділ өткізу, жаттығу жиындарының бәрін бір жүйеге келтіру. Команда жұмысын жақсарту үшін шетелден мамандар, атап айтқанда, жалпы дене дайындығының маманы, ғылыми топ және бапкер-консультант шақыру ойымызда бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу – елге қызмет ету. Ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді Қайрат Сәтжанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар