Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевты сотқа тартуды талап еткен "демпартия" мүшелері ұсталды

06:25, 06 шілде 2022 256
 



6 шілдеде Алматыда Абай ескерткішінің маңында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "30 жылғы қылмыстарын" айтып, оны жазаға тартуды талап еткен тіркелмеген "демпартияның" оннан астам мүшесін полиция ұстап әкетті. Белсенділер ұсталмай тұрып, Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, 2019 жылы президенттікті Қасым-Жомартқа беріп кеткен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін сынап, саяси қудалауларды еске салды.

"15 жыл түрмеде ұстап, Арон Атабекті өлтірді. Дулат Ағаділді өлтірді. Жаңаөзен мен қаңтарда қырғын жасады. Қазақты оқпен атты. Бірақ ол қылмыстардың бірде-біріне жауап берген жоқ. Ол жауап беруі тиіс" деді белсенді Инга Иманбай.

Жиналғандар "Назарбаев сотталсын", "Жанболат Мамайға бостадық" деп те айқайлады. Олардың қолында "Назарбаев режимінің құрбандары" атанған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқәділов, Арон Атабек, Дулат Ағаділ дееп жазылған плакаттар болды.

Әкімшілік пен құқық қорғау орган өкілдері келіп, жиналғандарға шараның "заңсыз екенін" ескертіп, тарауды талап етті. Бұдан соң ондаған арнайы жасақ өкілі келіп, күшпен ұстады.

(Ақпарат толықтырылады).



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар