Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

13:39, 13 мамыр 2022 262




Нұр-Сұлтан соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының қамауға алу мерзімін ұзартты.





Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.





«13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалда Г.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты» деп хабарлайды баспасөз қызметі.





Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын кең ауқымда жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр. Назарбаевтың немере інісінұстауды ҰҚК Арыстан арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген.





14 наурызда «Қазақтелеком» кеңселерінде тінтулер жүргізілгені белгілі болды. Сәуірдің 12-сі күні «Сатыбалданың» фирмаларына тиесілі «Қазақтелеком» акцияларының 30 пайызға жуығы монополиясыздандыру жұмыстары аясында мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды.





13 мамырда Қайрат Сатыбалды мен мәжілістің экс-депутаты Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі ұзартылғаны белгілі болды.








Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар