Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Назарбаевтың кланы ұрлаған ақшаға халыққа пәтер алып, тарату керек!» - саясаткер

03:30, 20 шілде 2022 279
«Назарбаевтың кланы ұрлаған 200 млрд долларды қайтаратын болса, қайтқан қаражатты жинақтап, қор құрып, пәтерсіз жүрген азаматтарға пәтер беру керек. Ұрылардың қайтқан ақшасынан мемлекет халыққа пәтер тарататын болса, ол біздің ұлтымызға үлкен көмек». Бұл пікірді белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбай Adyrna.kz ұлттық порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Назарбаевтың кланы - ұрылар! Ұрлаған ақшасын қайтарып жатыр деген ақпарат бар. Иә, егер осы 200-дей Назарбаевтың кланы ұрлаған 200 млрд долларды қайтаратын болса, ол еліміз жұмыс істемесе 3 жылдық бюджет.  Менің ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынысым бар. Сіз осы қайтып келіп жатқан ұрылардың ақшасына қор құрып, Қаңтарда зардап шеккен, оққа ұшқан азаматтардың отбасына пәтер беру керек! Олардың балалары бар! Олардың келешегі бар! Сол келешекте ертең өзіміздің еліміздің дұрыс азаматтары болуы үшін зардап шеккен отбасыларға пәтер беру керек! Оларда қазір пәтер жоқ, әр түрлі жағдайменен әр босағада пәтер жалдап, күн көріп жатыр...Екінші топ - ол мынау көпбалалы отбасы. Егер көпбалалы отбасыларға бүгін сол ұрылардың қайтқан ақшасынан мемлекет пәтер беретін болса, ол ертең 10-15 жылдан кейін мемлекетімізге пәлең млрд болып қайтарылар еді», - дейді қоғам қайраткері.

Саясаткердің айтуынша, елдің қазынасына қайтқан қаражатты жинақтап, қор құрып, пәтерсіз жүрген азаматтарға пәтер беру керек.

«Бүгінгі күні алып қарайтын болсақ, тағы да мына банктың маңайында жүрген ұры-қарылар ана жерден кредит алып, пәтер салып жүр. Көпэтажды пәтерлерді салады, содан кейін оны қымбат бағаменен сатады. Түскен ақшасын банктермен бөлісіп жатыр. Біздің халық ешқашан ұмытқан жоқ. Ұмытпайды да... Назарбаевтың кланы Ұлттық қордан 14-15 млрд доллар қаржыны алып, өздерінің банктеріне құйған. Ол мынау Халық банк бар, Өтемұратовтың банктері бар, Жақсыбековтің банктері бар... Бүгін Назарбаевтың қарамағына ауысқан... Соған ұрлаған ақшалардың барлығын қайтарсын! Халқымызға пәтер ұйымдастыру керек. Ал енді мен тек Алматыда ғана деп айтып жатқаным жоқ. Бізде қазір 20 облыстық орталық бар. Сол 20 облыстық орталықта салынып жатқан пәтерлердің  қаржысын төлеп, тез арада сатып алып, халыққа тарататын болса, ол біздің ұлтымызға үлкен көмек! Сондықтан менің ізгі тілегім, ел президентіне, халқымызға осы...», - деп түйіндеді сөзін Балташ Тұрсымбай.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар